lat: ODAǴAILA
е т. 1. Өз алдына жеке-даралап бөлектеу, бөліну, шеттеу, оқшаулану.
Жаулығын ысырып құлағынан кейін түріп, топқа келе алмай одағайлап, жас әйелдер бірөңкей жиналды (Б.Майлин, Шығ.). Жас теке тобы одағайлап, үйірден бөлініп шыға бергенде, шалбас жортып кеп бұлардың жолын кес-кестеді (С.Елубаев, Ойсыл қара).
2. Оқшаулану, айрықша көзге ұру.
Осы ұзын жалдың солтүстік ұшығында одағайлап, биікте қоңыр адыр тұрады (Ә.Көшімов, Екі бүркіт).