lat: ODANY
с ы н. 1. Оғаш, ерсі, тұрпайы.
Кейіннен де соның жай-жапсарын қарап, ақылына сап, сараптап көрді. Барлығын таразылай келе, немере ағасының істеп жүрген қылығы мүлдем оданы көрінді (Б.Алдамжаров, Ұлы сел). Осындай істерді өзіңе оданы болар демейсің (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі). Ол оданы сөз айтпайтын адам (Ауызекі).
2. ж е р г. Тілазар, қыңыр. Бізде оданы адам деп тіл алмайтын, сөзді елемейтін адамды айтамыз (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі).