lat: ODAQTYQ
с ы н. с о в е т. т а р. Кеңестер Одағы көлеміндегі, одаққа тән, соған қатысты.
Бүкіл облыс, өлке, одақтық съездердің бәріне де барып келді (Б.Майлин, Шығ.). Сондықтан да оның романы өзінен бұрынғы тарихи роман саласындағы одақтық, тіпті дүниежүзілік тәжірибеге терең психологиялық суреттер, ақындық толғаулар қосты (С.Қирабаев, Октябрь.). Өлеңдері мен поэмалары қазақша, орысша республикалық, одақтық газет-журналдарда жарияланады (Т.Сыдықов, Толған. тағдыр).