ОФИЦЕР

lat: OFISER

[нем. Offizier] зат. Қарулы күштер, флот пен полиция, арнаулы қызмет орындарындағы командалық және басшы құрамындағы адам және сол адамға берілетін әскери шен.

Біз штабқа кірген кезде барлық офицерлер подполковникке тікесінен тік тұрып ізет көрсетті (Б.Момышұлы, Москва.).

Үйге алдында офицер, онан кейін мылтық ұстаған солдаттар сау етіп кіріп келді (М.Жұмабаев, Шығ.).

Жас офицерлер көне саяси құрылым мен Жапония императорының рөлін Еуропа үлгісіне түсіргісі келеді (М.Шоқай, Таңд. шығ.).