lat: OIBAI
о д. Қорыққанда, сасқанда, шошынғанда немесе басқа да күйге түскендегі сезімін, күйін білдіру үшін айтылатын одағай сөз.
Жүрегім, ойбай, соқпа енді! Бола берме тым күлкі (Абай, Тол. жин.). – Ойбай-ау! Ұят қой!.. Пәленшенің қатыны дейді ғой, – деп тағы бірдеңе айтпақ болып еді, Өрік одан жаман дәуірлеп: – …Қатын болсам неғыппын? (Ж.Аймауытов, Шығ.). – Ойбай , балам-ай, сен де солай келте ойлаушы ма едің? – деді шешем жымиып (С.Мұқанов, Мөлдір махабб.).