lat: OIBAI
од. Адамның көңіл-күйін, ішкі сезімін (қорқу, сасу т.б.) білдіретін одағай сөз.
Айғайла, Тоқаш, айғайла,
Сайға тарт, ойбай, сай қайда?!
Асқары құрсын адастық,
Сайға тарт, Тоқаш, сай қайда!? (2,130).
Жамбас пұл төлеп жатақта жүрген ақынбыз,
Жадырап келіп, жаңа үйге кіріп жатырмыз.
Ібекем қайда? Күнекем қайда? Ойбай, тез!
Той жасап берем, тортыңды қой да, шақырғыз! (1,294).