ОЙЛЫ

lat: OILY

с ы н. 1. Сана-сезімі мол, есті, саналы.

Көкірегінде оты бар Құлағын ойлы ер салсын (Абай, Тол. жин.). Әлдеқайда, Қырда, Сырда алаш бар... Мұнарлы тау, балдай бұлақ, ағаш бар... Есіл елді, есіл жерді жат алды... Ойлы ұлына бұл кең дүние болды тар (М.Жұмабаев, Шығ.). Шындықты сүйетін ойлы бала көрінесің, осы бетіңнен тайма! дегенді сабырлы кейіппен, салмақтай сөйлеп (З.Шашкин, Сенім).

2. Сыры бар, мәні терең, ой алғандай.

Ақылдының сөзіндей ойлы күйді Тыңдағанда көңілдің өсері бар (Абай, Тол. жин.).