lat: OIMYSHTAL
е т. Өрнектелу, нақышталу, әшекейлену.
Домбыра сабының перне-пернелерінің арасына да неше түрлі оймышталған әшекей сүйектер шебер ұстаның қолтаңбасын танытады (М.Дүйсенов, Мейман.). Жалт-жұлт сары жезбен оймышталған үлкен есік ауыр ашылды (Т.Сұлтанбеков, Лұхман Хакім). Тутанхамон бейiтінің үлкен-үлкен үш бөлмесінде адамның о дүниедегі өмірі үшін не керектің бәрі бар. Алтын тақ, алтын төсек, алтындатқан күймелер, алтын-күмісі аралас қорамсақтар, садақтар, жебелер, тіпті садақ тартқанда қолға батпауы ойластырылған биялайға дейін бар, алтын табақ, піл сүйегінен оймышталған орынтақтар, тамақ салынған жәшіктер, ішіндегі шарабының табына дейін сақталған ыдыстар, о дүниеде егіп, қорек ететін өсімдік дәндері (С.Абдрахманов, Елдік сыны).