ОЙМЫШТЫ

lat: OIMYSHTY

с ы н. Бедерлі, оюлы, өрнекті әшекейлі.

Бәтестің өрнекті сандығы мен соқыр кемпірдің оймышты кебежесіне қоса, бір-бір пар шынаяқ қалдырды (Ж.Молдағалиев, Сарарқа.). Көмбенің төріне қастерлей жиналған оймышты сандық осы дүниелердің басы іспеттес (А.Мекебаев, Жезтырнақ). Отырарлық оймышты бөркі жазық маңдайынан төмен түсіп, отты көзіне төнген (Д.Сапаров, Өткен күн.).