ОЙНАУ

lat: OINAÝ

Ойна етістігінің қимыл атауы. 1. Ойын түрін іске асыру, ойынға кірісу, алдану, ойын қызығына түсу.

Айқұлақты ойнау үшін кешке таман жұрт аяғы басылған соң, көп балалар жиналып өздерінің арасынан үш баланы шығарады (М.Дулатов, Шығ.).

2. Көңіл көтеру, сауық-сайран салу.

Сарт қорқорға елітіп, Бәтша ойнаудан босамай, қазақ болыстыққа мал төгіп, партияға белшесінен батып жатқанын Петербордағы депутаттар қайдан білсін! (М.Дулатов, Шығ.). Жас адам өз қалыңдығымен жасырып қалыңдық ойнамаушы ма еді? (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

3. ө н е р. Кейіпкер рөлін сахнада орындау.

Қалибектің актерлік қасиеті қандай рөлді орындаса да жан-тәнімен беріле, ішіне кіре әшекейсіз, әсіресіз адал ойнауында (“Қаз. әдеб.”).