ОЙЫЛ

lat: OIYL

е т. 1. Тесіліп, ойық жасалу.

Қарды соғып төрт бұрыш, Төрт бұрышты қыш кірпіш, Үй іргесін қаласты. «Мен оям!» деп біреуі, «Мен қоям!» деп біреу. Терезеге таласты. Терезелер ойылды, Қардан құрсау қойылды (М.Жұмабаев, Шығ.).

2. Үй төбесінің т.б. тесіліп, құлауы, ортасына түсуі.

Ағаштан салынған мектеп үйінің төбесі ойылып ортасына түсті (Ж.Молдағалиев, Айналайын.).

3. Қатып жатқан мұздың ыдырап жарылуы.

Жатып-жатып, кенет жоқ жерден мұз ойылып, сең қозғалғандай қалың жылқы тасыр-тұсыр етіп, дөңге қарай дүркіресе жөнелді (Б.Тілегенов, Аққайнар).