ОЙЫЛ

lat: OIYL

е т. 1. Аяқтың, қолдың, мал арқасының қажалып жарақаттануы, жауыр болуы.

Шалдырмай шабуылға салудан байтал арыған, жадаулықтан жалынан да айырылған, күтімсіздік қырсыздықтан арқасы ойылған (М.Әуезов, Әр жыл.). Жауыр болды арқасы отын артып. Табандары сойылып, қол ойылып, Тойдыра ас бермейді еш жарытып (Батырлар жыры).

2. Ауыз кілегей қабығының күлбіреп, қызаруы.

Баласының аузы ойылып, су ағуы тыйылмады (Ауызекі).