ОЙЫН

lat: OIYN

з а т. 1. Ойнау үшін жасалатын әрекеттер, қимылдар.

Бірін-бірі құшақтап, шуылдасып, Ойын тарқар кезінде ұрыс салар (Абай, Шығ.). Құда түсіп құйрық жеп. Қыламыз қызық ойындыамбар батыр). Кейде бірге жүрелік, кейде ойналық! Ойнап, күліп, кешікпей ой ойлалық! Ойынымыз аз болсын, ойымыз көп, Оймен талап етпеген іс қоймалық! (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Балалар ойынға шығып, жүгіріп, жыл құстары тегіс келіп, жұмыртқа салған (М.Дулатов, Шығ.).

2. Әзіл, қалжың. Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат, Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. Қай ауылды көрсең де жабырыңқы, Күлкі, ойын көрінбейді сейіл-серуен (Абай, Шығ.). Жүзіне қарасам, ойыны жоқ шын сөзі екен (С.Шаймерденов, Сел.). Ойын ғой, әке! деп Қалижан әке мен ағасына арашашы болғысы келіп еді Жиенбай Мақаннан көзін алмай кейи сөйледі (М.Дүйсенов, Мейман.).