ОЙЫН

lat: OIYN

мәні оның нәтижесімен емес, үдерістің өзінде көрінетін өнімсіз іс-әрекет түрі. Адам қоғамының тарихында сиқырмен, ғибадат мінез-құлықпен түрленді: спортпен, әскери және басқа да жаттығулармен, өнермен (әсіресе, оның орындаушылық түрілермен) тығыз байланысты. Болашақтағы өмірлік жағдайларға психологиялық дайындық құралы ретінде балаларды тәрбиелеуде, оқытуда және жетілдіруде маңызы зор.