Ежелгі заманда қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауық түрлері. Олар алғашқы қауымдық құрылыстан бастау алады. Ұ.о. сан-салаға бөлінеді, оның түрлері өте көп. «Ойын-сауық аса қызу боп басталып, таң аппақ атқанша солғындаған жоқ. Бұл түнде ұзақ әсем ән де шырқалды. «О р а м а л т а с т а у», «Х а н ж а қ сы м а», «М ы р ш ы м», «Б е л-б е у с о қ», «Л ә п п а й т у т ә л ә» сияқты күлдіргі ойындар да тегіс ойналды» («Қияда»). Мұндай дәстүрлі ойындарда әр түрлі ойын түрлері өткізіледі. «Қонақ үйлердің ішінде әр жерге орнатылған емізіктеген сабаларды бұрап болып, жаңағы табақтарды құрғатқан кезде ғана, тойшы халық аттарына міне бастады. Тыстағы ойын: ат шабыс, көкпар, серке тарту, теңге алу, балуан күрестіру — баршасы да осы күні болды» Сөйтіп Абайдың ұрын баруына арнап Алшынбай атасы тойды дәл ас бергендей етіп, дуылдатып-шуылдатып аста-төк етіп өткізеді («Өрде»).