ОЙЫС

lat: OIYS

е т. 1. Мұз т.б. қатты заттарды жүзі бар не үштік заттармен жарып ойып алысу.

Жаңа естідің ғой, өзі Ертістің мұзын ойысып жатыр екен (Р.Тоқтаров, Ертіс.).

2. Жерден шұңқыр қазысу.

Мал әкелдім, сойыстым. Қазан іздеп, жерден ошақ ойыстым (С.Асанов, Шолпан).