ОЙЫС

lat: OIYS

е т. Бір нәрсеге қарай көшу, жылжу, ыңғайлану; ауысу.

Мына кеңестің соңы жанжалға айналар деп сескенген Зейнұр күн тәртібіндегі екінші мәселеге ойысты (А.Сатаев, Аққу.). Мен үндей қоймаған соң, осма жағып әдейі келгендей, әдемі қара қасын қабағымен бір көтеріп қойып, қайта сөзге ойысты (Б.Қыдырбекұлы, Ұры.). Орынбордан Тәшкент пойызымен жүріп келген біз, Арыс аталатын станциясынан Алматыға қарай ойыстық (С.Мұқанов, Есею жыл.).