ОЙЫС

lat: OIYS

ет. Бір жағына қарай жылжу, ығысу, жақындау.


Жұрт дүрліге ойысып , ұрандады,

Аруақтарын шақырды, тұра алмады.

Қою шаңнан үзіліп жалғыз қара

Жалғыз дара ойнақтап, қылаңдады (1,189).


Арып біткен жануар майысады.

Жетектегі жауырға ойысады.

Құйттай байғұс қамытта мықшиғанда,

Денем мұздап, қабырғам қайысады (1,260).