lat: OJAR
с ы н. 1. Алды-артына, бас-көзге қарамайтын, ұрда-жық.
Бұл тым ожар батылдық, бірлі-жарым жаман өлеңмен де, жақсы өлеңмен де бір дәуірдегі әдебиетке баға беру шетін пікір. Өткендегі әдебиеттен жақсы мысалдар көрсетуге болады (Ж.Аймауытов, Шығ.). Үстіне егін шықса қырқып алып, Аузына не түскенін итше қажар «Біз солдат патшаға бердік» дейді, Омырауға салады өңкей ожар (М.Жұмабаев, Шығ.). Рас, оның мінезі ұрт, ожар, содырлы (М.Әуезов, Әр жыл.).
2. Оғаш, дөрекі, ерсі.
Ояз тергеуінің ожар, озбыр сөздері ызасын келтіріп, зығырын қайнатты (М.Әуезов, Абай жолы). Гүр ете түсетін ожар дауысы қазір сынық (М.Дүзенов, Ант).
3. а у ы с. Оқшау, алабөтен.
Арманменен, елеспен ажарланған. Амансың ба, от далам, ожар далам! (М.Мақатаев, Шығ.).