lat: OKEANARIÝM
[грекі okeanos] з а т. Теңіз хайуандары мен балықтарды бақылау үшін жабдықталған жасанды бассейн.
Бұл кешен мұхиттан 3000 км қашықтықта орналасқан әлемдегі жалғыз океанариум (“Алтын Орда”). Аквариумда тек ұсақ жануарлар ғана емес, суда тіршілік ететін ірі жануарлар да өсіріледі, аквариумның ондай түрлері дельфинарий және океанариум деп аталады (Қ.Қайымов, Суасты.).