lat: OKRÝGTIK
с ы н. Аумақтық әкімшілікке, бөлікке тән, соған қатысты.
Төрде округтік өкіл Нұғман Қанаев деген сіріңке қара жігіт (Б.Майлин, Шығ.). Біраздан кейін артымнан округтік комсомол комитетінің үгіт-насихат бөлімінің басқарушысы Зарап Темірбеков келді (Ж.Арыстанов, Естен кетпес.). Верный қаласындағы округтік әскер бастығы, округтік соттың, қала басшысы, уезд бастықтары биліктерінен тайдырылды (“Түркістан”).