ОЛАЙ

lat: OLAI

ү с т. Дәл соншалық, ондай.

Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай қарқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық (Абай, Тол. жин.). Әбутәлі: Мен сіздің маған бұлайша қарағаныңызға кием кетеді, сіз мені әйелге ыңғайы жоқ бір суық жан деп ойлайтын шығарсыз; бірде олай ойлауға жарамайды, адамшылықтың бір негізі әдеп. Әдеп тұрған жерде иман тұрады деген пайғамбардың халисі бар (Ж.Аймауытов, Шығ.). Қалайда Майраны Әбілмәжіннен айырудың әрекетін істейді, бірақ істің шыны олай болмайды (С.Бегалин, Сахара.).