ОЛИМПИАДА

lat: OLIMPIADA

рек. olympiados] з а т. 1. с п о р т. Ежелгі грек олимпия ойындарының үлгісімен 4 жылда бір өткізілетін халықаралық спорт ойындары жарысы.

Бұл күндері олар Москва қаласында өтетін олимпиадаға арнап сувенирлер шығаруда («Лен. жас»). Совет атлеттері тек төрт жазғы олимпиада мен үш қысқы олимпиадада 294 алтын медаль, 234 күміс медаль мен 210 қола медаль алды («Қазақст. мұғ.»).

2. Жалпы жарыстар мен түрлі бәсеке ойындар.

Содан да болар, осы туысқан елдің жастары Москвада өткен математикалық олимпиада да бірінші орынға шықты (С.Хайдаров, Азамат.). Оқу Халық комиссариаты бір жұма бойында Алматыда мектеп өнерпаздарының олимпиадасын өткізген-ді (Б.Тоқтаров, Тауда.). «Жас тарихшылар» қабырға газетін шығару, түрлі олимпиадалар мен конкурстар өткізу сияқты жұмыстарға да ол белсене қатынасады («Қазақст. әйелдер.»).