ОН БІР БУЫНДЫ ӨЛЕҢ

lat: ON BİR BÝYNDY ÓLEŃ

қазақ поэзиясында бұрыннан жиі қолданып келе жатқан өлең өлшемі. Өлең тармағы үш бунақтан құралады. Басқа екі бунақ 3 буын, 4 буын, немесе, 4 буын, 3 буын болып еркін ауысып түсе береді. Ал соңғы үшінші бунақ үнемі 4 буынды болып келеді. Он бір буынды өлеңнің тағы бір өлшемдік үлгісі бар, оның, өзгешелігі алғашқы екі бунақтың, екеуі де 4 буынды болады да, соңғы бунақ үш буынды болып келеді. Қалың қара бұлт арылып басымнан, Тәңір жазса, өш алармын қасымнан. Жан бауырым, жыламашы егіліп, Meн садаға мөлдіреген жасыңнан. (Мағжан). Бунақтардың орны ауыспайтындықтан, бұл өлшем түрінде өлең, ырғағы біркелкілеу, сондықтан бұл негізгі түріне қарағанда азырақ қолданылады. Дегенмен, Абайдан кейінгі дәуірде бұл өлшем түрі көптеген ақындардың шығармаларында кездесіп отырады. Ахметов З.