ОНБАСЫ

lat: ONBASY

з а т. э т н. 1. Ерте кездегі Орта Азия мен Қазақ хандықтарындары он әскер үстінен қарайтын сарбаз лауазымы.

Мұқанның сол кездегі жастығына қарамастан, ауылға жау шапқанда, Бөке батыр оны талай рет онбасы етіп қойған екен (Ә.Әлімжанов, Отырар.). Жол-жөнекей талай қамшыларға төзіп, түн ортасы ауып бара жатқанда онбасының қолына тидім (Б.Тұрсынбаев, Ауылда.).

2. Патша үкіметінің жергілікті жерде отарлау саясатын жүзеге асырушы.

1868 жылғы «Уақытша ереже» бойынша енгізілген сайлау тәртібіне сай әр ауылда он үйден бір адам онбасына сайланды (ҚСЭ).