ОНДА

lat: ONDA

ү с т. 1. Ол нәрседе, ол істе; ол жерде.

Онда оны алдайды, мұнда мұны,

Жанын берсе табылмас сөздің шыны (Абай, Тол. жин.).

Октябрь оңай олжа емес. Онда талай өткел бар.

Табамын деп өткелді Талай суға кеткен бар (С.Мұқанов, Таңд. Шығ.).

Онда сіздің шаруаңыз жоқ, ондай сұрағыңызға жауап бере алмаймын (С.Сейтхазин, Қадиша).

2. Ол кезде, сол уақытта.

Онда мен он сегіз жаста едім, біреуден артық, біреуден кейін ақыл, көркім бар (С.Омаров, Өмір.). Мен онда жас ем, қиялмен әсем жүріппін, Соғысты жай бір ойын деп қана біліппін (Т.Молдағалиев, Ескерткіш). Бірақ сен кішкентай едің ғой онда, ұмытқан шығарсың (Е.Өтетілеуов, Бос шелек).

3. Олай болған жағдайда, олай еткенде.

Қырық күнге шыдасаң ғой, онда мұндай пәлеге душар болмайтын едің (Қаз. ертегі.). Егерде екінші колбаны қайтадан қыздыратын болсақ, онда бастапқы процесс кері жүріп, тұнба түзе бастайды («Халық мұғ.»).