lat: ONDA
үст. 1 . Ол жерде, ол нәрседе, ол істе .
Кім күтсін, кім жоқтасын онда мені,
Күтетін бір махаббат күдерін үзген шығар,
Күреңіткен мына күн сол ма, тегі?! (3,221).
Қоңыр үй, Тозған. Қазақы.
Болмайтын онда терезе.
Тозбайтын еді ғажабы,
Шаңырақ, уық, кереге (3,240).
2 . Ол кезде, сол уақытта .
Онда мен бесіктемін,
Есейіп ес кіргенде есіткенмін.
Түгін тартса, май шыққан даламызға,
Құнарсыз-ақ құлпырып өсіпті егін (3,263).
Онда мен де он жаста едім, он жаста едім,
Өзімді-өзім қорғадым. Қорғасты елім.
Өзін-өзі он жастар қорғамаса
, Сен сияқты Айбарлар болмас та еді,
Ұлы намысыма тимегін, жолдас, менің (3,281).
3. Олай болған жағдайда, олай еткенде.
Егер де айта алмасам айтарымды Алжыдым.
Ақылымды сайтан ұрды.
Қынына қылышымды салам онда,
Ақ жүзі алмасымның қайтарылды (3,212).
Туған жердің топырағын сүйе алмасам мәңгілік,
Онда мені қалды деңдер көмусіз де кебінсіз (3,238).