lat: ONDA-MUNDA
ү с т. Әр жерге (жерде) бір, әрлі-берлі.
Жарасбай болса енді «өйт-бүйт!» деп, онда-мұнда нұсқап, аттандырып жіберетін өз мінез, әдетінен тыйылды (М.Әуезов, Қараш.). Мадияр болса, әнеугі «Қызылқия» мектебінің әуресімен дамыл көрмей, онда-мұнда шапқылап жүр (С.Омаров, Өмір.). Басқа сырдан бихабар күйі тек Елдостың онда-мұнда болып жер көре бергенін ұнатқан пейілімен рұқсат етті (А.Байтанаев, Қансонар).