ОНЛАЙН-КЕҢСЕ

lat: ONLAIN-KEŃSE

бағдарламалық жабдықтау түріндегі веб-қызметтер жинақтамасы. Веб-қызметтердің жинақтамасы мәтіндік редактор, электрондық кестелер, презентацияларға арналған қосымшалар, тапсырмаларды жоспарлаушы және тіпті дерекқор басқару жүйесінің (ДҚБ) аналогі сияқты дәстүрлі кеңселік дестелерді қамтиды. Онлайн-кеңсеге ғаламторға жалғанған, кез келген компьютердің көмегімен қол жеткізуге болады. Осылайша адамдар бүкіл әлем бойынша бір мезетте жұмыс істеуге мүмкіндік алады.