lat: ONSHA
ү с т. Бәлендей дерлік, соншалықты.
Той болса, тон киелік, жүр баралық,
Бірімізді-біріміз аударалық.
Ат арықтар, тон тозар, қадір кетер,
Күлкіні онша күйлеп, шуламалық (Абай, Тол. жин.).
– Бұл онша ұзақ та жол емес, апа, өзіміздің облысты он айналғандай-ақ, – депті жауынгер (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.). Соңғы айларда Нұртас Сұлтанмахмұтқа «өкпелі» адам тәрізді; онша сырласа бермейтін боп алған (Д.Әбілев, Арман.).