ОНЫНШЫ

lat: ONYNSHY

с а н. Тоғыздан кейінгі реттік сан.

Баяғы лашығында жан тапсырып, Оныншы миллионды санап жатып (А.Байтұрсынов, Шығ.). Осы облыс орталығындағы мектеп-интернатта істеп жатқандарына да міне оныншы жылға аяқ басты (Ө.Қанахин, Бақыт.). Фашистердің жазалаушы отряды оныншы күн дегенде бірден із-түзін білдірмей жоқ болды (Ә.Шәріпов, Партизан.).