lat: OPADAR
(пар. уафадар وفادار) – адал, сенімді жан.
Меһірбаным, опадар, Көрер күнім болар ма? («Таһир-Зүһра». Ғашықнаме, 1976).
Ақыл кәміл, көз нұрым болса тамам, Білер ем кім екенің опадардың («Қисса Ләйлі – Мәжнүн». Бабалар сөзі. 19-том. 2005. 100 томдық).
Бізді еске алыңыз, Опадарым, хан қызы, Дұға қылып тұрыңыз («Таһир-Зүһра». Ғашықнаме, 1976).
Опадарым, хан қызы, Дұға қылып тұрыңыз («Қисса Таһир – Зүһра». Бабалар сөзі. 19-том. 2005. 100 томдық).