lat: OPERA
[итал. opera] з а т. м у з. Қатысушы кейіпкерлер оқиғаны оркестрдің сүйемелдеуімен, көтеріңкі ырғақпен орындайтын сахналық музыкалы-драмалық шығарма.
Опера вокалдық және аспаптық музыка, драматургия, хореография (балет) және бейнелеу өнері түрлерін біртұтас театр әрекетіне біріктіреді (ҚҰЭ). Қазақтың халықтық музыкасы негізінде «Айман-Шолпан», «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Жалбыр», «Біржан-Сара» сияқты қазақ опералары туды (С.Мұқанов, Халық мұрасы).