ОПЦИОН

lat: OPSION

ат. optionis] з а т. э к о н. 1. Иесіне келешекте қайсыбір активтерді тиянақталған бағамен (орындалған бағамен) сатып алу (опцион колл) немесе сату (опцион пут) құқығын беретін бағалы қағаз (ҚҰЭ).

Шын мәнінде, опцион мерзімді міндеттеме болып табылады (ҚҰЭ).

Опцион сатушы уағдаласылған активтерді тиянақталған бағамен сатуға немесе сатып алуға (опционның түріне қарай) міндеттенеді; сатып алушы сатып алынған құқықты актив құнының өзгеруіне қарай өткізу керек пе, жоқ па деген мәселені шешеді (ҚҰЭ).

2. Мерзімді биржа бағасында қамтылатын шарт.

Опцион бойынша бірін-бірі теріске шығаратын немесе бастапқы шарттарды өзгертетін жекелеген мәміле шарттарының бірін таңдау құқығы беріледі (ҚҰЭ).

Опцион баламалы міндеттемені (екі немесе бірнеше міндеттеменің бірін) орындау тәсілін (әдетте, борышқордың) таңдау мүмкіндігі; болашақтаараптар уағдаласқан мерзімде) шарт жасасу туралы алдын ала келісім; иесіне бағалы қағазды сатып алу немесе сату құқығын беретін құжат; теңіз тасымалы шартындағы кеме жалдаушының жүк түсірілетін немесе тиелетін портты таңдау құқығы көзделетін жағдай (Қаз. тілі термин. Экономика.).

«Опцион» термин. бір мемлекет авторларының шығармаларын екінші мемлекетте басып шығару туралы шарт жасасу кезіндегі авторлық құқықта да қолданылады (Қаз. тілі термин. Экономика.).