lat: OQÝ
Оқы етістігінің қимыл атауы. 1. Жазудың қарасын айыру, тану.
Осы арада арнайы ескерте кететін бір мәселе – Т.Досановтың көне түрік жазуын оқу тәсілі жөнінде. Бұл, әділін айту керек, назар аударарлық, ешкімге ұқсамайтын жаңа тәсіл. Бәлкім, бұл – дұрыс оқудың кілті болар (“Жас Алаш”). Бір сөзім «Мың бір түннен» оқып көрген, Өлең қып сол сөзімді айтқым келген (Абай, Шығ.). Шана үй жанына жеткен соң, бар ықыласым әлгі журналға ауған мен үйге кіріп кеттім де, аяғымдағы етігімді де шешпестен, текеметтің етек жағына етбетімнен құлай кетіп, журналымды оқуға кірісіп те кеттім («Қаз. әдеб.»).
2. Тиісті оқу орнында білім алу, хат тану.
Интернатта оқып жүр, Талай қазақ баласы (Абай, Шығ.). Көзіңді салдың тұрғыға, Бейнетін қиын көрмедің. Бірге оқыған құрбыға. Бас бәйгені бермедің (Абай, Шығ.).
3. д і н и. Iшінен дұға оқып арбау, дуалау.
– Ауылда жыланның уын оқумен қайтаратын кісі бар, – десіп, құрбыластарым маған дем беріп келе жатыр (Ә.Көшімов, Жас аңшы).