ОҚУ

lat: OQÝ

з а т. 1. Білім алу, оның бір саласын игеру, меңгеру жолындағы ізденіс, іс-әрекет.

Оқу оқушының алдағы іс-әрекеті үшін білім, білік, дағдыларды мақсатты түрде меңгеру процесіаз. тілі термин. Педагогика.). Қазақты үкімет «надан» деп сылтау қылса да, әуелгі екі думадағы қазақ депутаттары надан емес еді. Оқыған, шешен, қазақ жайын жақсы білетін адамдар еді. Енді думада жер, дін, земство, билік, оқу һәм басқа қиын мәселелер қаралмақшы (М.Дулатов, Шығ.). Айтамын үгіт қылып қазақ халқын, Көңліңіз оқу десе сонша салқын. Қаншама ғұламалар айтса дағы Бұрынғы қоя алмайсыз ата салтын (Ақмолла ақын, Күндер.).

2. Оқу орнында өтетін сабақ.

Жаңылмасам, оқу басталған соң айдан кейін болар, бір күні жұрт Қажымұқан келе жатыр десіп дүрліге қалысты (Ә.Көшімов, Жас аңшы.). Біз оқу үлгірімі жағынан университетте алғашқы орындардың біріндеміз («Лен. жас»).