— оқу міндеттерінің орындалуы төмендегі Оқу іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады: 1) оқу міндетін қабылдау немесе өзінше қою; 2) оқылатын затқа қатысты кейбір ортақ мәселелерді айқындау мақсатында оқу міндеттерінің шарттарын сәйкестендіру; 3) белгіленген қатынастардың заттық, сызба не өзге белгілер түріндегі үлгісін құру; 4) оның қасиеттерін '“таза” түрде көрсетуге арналған үлгі құру; 5) жалпы амалмен орындауға болатын жеке тапсырмалар жүйесін құру; 6) алдыңғы әрекеттердің орындалуын бақылау; 7) оқу міндетін орындаудың нәтижесі ретінде жалпы амалдарды меңгеруін бақылау. Оқу іс-әрекеті оқушының қабілеттерін, білімдерін, икемділіктерін және дағдыларын дамытуға бағытталған өзінің жекелік әрекеттері. Оқу іс-әрекеті— адамның жаңа білімдерді, икемділіктерді және дағдыларды немесе ескілерді өзгертіп игеретін үрдіс. Оқу іс-әрекеті жоспары — оқытылатын пәннің тізімдерімен, олардың оқу жылына әр пәнді оқытуға сағаттық бөлінуін, мектеп оқушыларының апта бойына меңгеретін пәңдер жоспарын қарастыратын нормативті құжат. Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру түрі — оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді қолдануды жүзеге асыру үшін оқушыларды топтастыру. Жекелік, тұтастық, топтык және ұжымдық болып бөлінеді. Бұлардың бәрі өзара байланысты.