ОҚУ /40/

lat: OQÝ /40/

зат. Мектептер мен жоғары оқу орындарындағы білім алу, білім беру жүйесі, сол жолдағы ізденістер.


Жазықта, сайда, таудың төсінде де,

Түсте де, кеште, түнде, бесінде де,

Әрі оқу , әрі жұмыс даладағы,

Мазасыз өткен жастық есіңде ме? (2,335).


Сен оқисың, бақыттысың сондықтан,

Оқу деген маған болды енді таң.

Баянсыз бір тіршілікке алданып,

Бұл өмірден мешеу қалған мен бір жан (1,25).