ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН МОДУЛЬДЕУ

lat: OQÝ BAǴDARLAMALARYN MODÝLDEÝ

пәндік-курстық жүйедегі оқыту бағдарламаларын модульдік құрылым қағидаттарына ауыстыру процесі. Мұнда білім алушы өзіне керекті біліктілік алу үшін оқып үйренгісі келетін пәндер мен сабақтарды білім беру ұйымының түрлі талаптарын ескере отырып жасақтай алмайды, оқу орны жасақтай қойған пәндер мен сабақтардың белгілі бір модульдерін таңдайды.