lat: OQÝSHY /54/
зат. 1. Мектепте тәлім-тәрбие алып, білім үйренуші шәкірт.
Мектебім, қия алмаймын,
Көп нәрсе қиялдаймын.
Мәңгілік оқушың боп,
Қалуға ұялмаймын (3,284).
Зияш оқушылардың дәптерін тексеріп отыр (4,140).
2. Кітап, газет оқитын қауым, оқырман.
Оқушым, мынау неге бөсті деме,
Жыр қалып, әңгімеге көшті деме.
Есімі есіл біздің ақындардың
Елі ескірмей, сірә да, ескіре ме?
Оқушым, неге орынсыз бөсті деме! (2,57).
Бұл ақындардың есімі оқушы қауымға бұрыннан таныс (4,282).