lat: OQÝSHYLYQ
с ы н. Оқушыға тән.
Оқушылық дәуірдің ішіне қайта батқандай, сол кезді еске алып, вокзалға терезеден қарап, қозғалмай жата бердім (Ғ.Мүсірепов, Белдерде). Оның көңіліне ой түсті. Көзінің алдында оқушылық кезі, Троицкідегі «Рәсүлие», «Уазипа» мектептері, онда оқыған жолдастары елестеді (М.Дәулетбаев, Қызылжар). Ал бұлардың кез келген пойызға мінетін оқушылық билеті бар (Қ.Жұмаділов, Қаздар.).