lat: OQIǴA
[ар. واقعه ] з а т. Болып өткен іс, маңызды, елеулі құбылыс.
Оқиға – қалыпты өмір ағымындағы өзгеріс, санаға сілкініс әкелетін жәйт; құбылыстың, әрекеттің өту барысы (ҚҰЭ). Былтыр Павлодар үйезінде бір қызық оқиға болды. Қарамола елі екі партияға бөлініп, өткен сайлауда жеңілген жағы ана жағынын, бас адамдарының үстінен ұрлық қылады, жұртты бұзады деп арызды жаудыра береді (М.Дулатов, Шығ.). Қазір дүниенің назарын аударған ірі-ірі оқиғалар барысы осы кітапта суреттелген қалып бойынша өріс алып келе жатқандай (“Егемен Қазақстан”). Желтоқсан оқиғасын бастан өткізбек тұрмақ, ол туралы естудің өзі жан түршіктіреді (“Түркістан”).