ОҚЫТУ

lat: OQYTÝ

з а т. 1. Білім алғызу.

Адамның бір қызығы бала деген, Баланы оқытуды жек көрмедім (Абай, Тол. жин.).

2. Жазба мәтінді дыбыстап айтқызу. Баяндап оқытудың тағы мынандай шарттары бар: анық, айқын оқу, ыңырсымай, сөзді орынсыз созбай, салмақты, айтатын орында асықпай, кісі қалай сөйлесе, солай оқу керек (М.Дулатов, Шығ.).

3. п е д. Білім беру, шеберлікке, іс-әрекет дағдыларына үйрету және оларды меңгеру үдерісі мен адамды өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың басты тәсілі.

Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығында дайындалған «Атадан мирас» атты көмекші тіл дамыту құралындағы «Ата дәстүр асыл қазына» айдармен берілген мәтін тақырыптары («Жас Алаш»). Қазақстан Орталық партия Комитеті мен Үкіметінің 1956- 1957 жылдарда мәдени мұраны игеру, қазақ әдебиеті тарихын зерттеу, қазақ тілін оқытудағы олқылықтарды түзету жөніндегі үш қаулысының шығуыны тікелей қозғау салған жарияланымдар әдебиет газетінің бетінде жарық көрген («Қаз. әдеб.»).