lat: OQYTÝ
Оқыт етістігінің қимыл атауы; білім алғызу.
Ерқара аға екеуміз үшінші класқа дейінгі балаларды ылажсыздан бір класта, бір мезгілде оқытуға келістік (Р.Райымқұлов, Болат.). – Оқыту ақысы не болады екен, мұғалім соны айтсын, – деп біздің әкей қиғаш қара мұртын сипап қойды (Ә.Нәбиев, Бейтаныс.).