ОҚЫТУ СТИЛІ

lat: OQYTÝ STILİ

оқытушының қызмет процесінде қолданатын білім мен тәжірибе алмасудың арнаулы, өзіндік бояуы бар үлгілер жүйесі, әдістердің, тәсілдердің өзіндік технологиясы. Сондай-ақ алға қойылған мақсаттар мен міндеттердің орындалуын жүзеге асыратын жүргізу мәнері, оқушылармен қарым-қатынасы мен басқа да жекелік ерекшеліктерден тұрады.