білім алушының оқып-үйренуге, меңгеруге қажетті және оқудың соңында көрсетуге тиіс білімдердің мағлұмдалған тізбесі. Оқу қорытындыларының тізбесінде бітірушінің оқу қорытындыларына қол жеткізген-жеткізбегенін анықтау үшін қолдануға болатын білімді бақылаудың тиісті өлшемдері болуы қажет. Оқу қорытындыларының тізбесі мен бақылау өлшемдері кредитті есепке алу талаптарын анықтайды, ал бағалау жүйесі кредитті есепке алу талаптарына қарағанда білімді бақылау нәтижелерінің аса жоғары немесе төмен деңгейіне негізделеді. Егер оқыту қорытындылары тізбесінде қандай жетістіктер үшін қандай кредит есепке алынатыны айтарлықтай дәл көрсетілсе, кредиттерді жинақтау мен аудару жеңілдетіледі.