ОРАЛМАН

lat: ORALMAN

з а т. қ о ғ.-с а я с и. Жаппай қуғын-сүргінге ұшыраған, этникалық тазалаудан қашып, саяси сауға сұрап, жат елге жаппай қоныс аударған қазақ халқы өкілдерінің Қазақстанға оралғанда материалдық, моральдық қамқорлық көрсетілуге тиіс, азаматтық алғанға дейінгі айрықша әлеуметік тобы.

Этникалық отандастардың тарихи Отанына қайтуға бел байлап, шекара аттағандары ғана ерекше әлеуметік мәртебе алып, оралман атауына ие болады (“Ана тілі”). Оның ішінде, ең маңызды мәселелердің қатарында оралмандарды қабылдау, орналастыру, оқыту, жұмыс тауып беру сияқты проблемалар аталынды («Егемен Қазақстан»).

Шетелдердегі қазақтар мен оралмандарға арналып жарық көретін «Қазақ елі», «Шалқар газеттеріне де ерекше қомқорлық керек («Қаз. әдеб.»).