ОРАМАЛ

lat: ORAMAL

зат. Сапалы матадан үшбұрыш немесе шаршы етіп жасалып, қыз балалар, әйелдер бастарына салатын (тартатын) жаулық .

Самал желмен желпілдеп орамалы ,

Сайдан су ап қарындас оралады.

Самал қыр бетінде сағым ойнап,

Сары белден әрі асып жоғалады (2,187).

Сары жібек орамалы сәл кейін сырғып, самай шашы қобырап кетті (4,175).