ОРАШОЛАҚ

lat: ORASHOLAQ

с ы н. Еш нәрсеге бейімі жоқ, епсіз; олақ.

Жалпы жұмыста ақылшы бола жүре, Сәкен ұйымдастыру ісіне орашолақ адам еді (С.Мұқанов, Есею жыл.).

Жасынан қалада өскен жеңгем ауыл тіршілігіне орашолақ еді (Б.Соқпақбаев, Өлгендер.).

Ләйлә шеше тәлім-тәрбиесін жүре тыңдайтын орашолақ, құлықсыз қыздардың біріне де ұқсамайды (Ш.Құмарова, Қазбауыр бұлт.).