lat: ORASHOLAQTAÝ
с ы н. 1. Бейімсіздеу, епсіздеу; қыры жоқтау.
Шайқы үй шаруасына орашолақтау еді (М.Дүйсенов, Ант).
Шымырбай шаруаға орашолақтау болғанымен, өзінікі дегенде үзіп түсетін адам (Б.Тілегенов, Көктем.).
Жетіншінің бригадирі жұрттың тілін табуға, жұмсауға орашолақтау (М.Гумеров, Хазірет.).
2. Жатық емес, жүйесіз; төселмеген.
Өкілдің өзі орысшаға орашолақтау екен (С.Жүнісов, Жапанда.).
Кейде орашолақтау құрылған сөйлемдерінде де терең мән жататындығы байқалды (Қ.Жұмалиев, Жайсаң жан.).
Орысша ойланып, қазақша сөйлегендіктен, сөзі орашолақтау, созалаңдау шығып жатыр (Ғ.Мүсірепов, Ұлпан).